⚜️«Отбасы таланттары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында студенттермен «Бақытты отбасының 10 ережесі» тренинг өткізілді. Студенттер төзімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдылық, бақыт, ашықтық, адалдық және т.б. құндылықтарды атады.

Сонымен қоса әр студент -өз отбасының тарихын, ата-тегін білу мақсатында жеті ата туралы айтылды. Әр студент өз отбасындағы өнер, спорт саласындағы талантты адамдары туралы ой бөлісті. Ата-аналары туралы мақал-мәтелдерді айтып, ситуациялық жағдайларды шешуге тырысты.

Ұйымдастырушылар:
СТР-23о оқу тобының тәлімгері Мустаяпов Тимур Бауыржанұлы
ФиС-23о оқу тобының тәлімгері Ермекбаева Айгүл Ибрагимқызы

 

4b

4b

4b

4b